FAQ / Сұрақтар мен жауаптар

  1. Қанша нөмірді сайт арқылы тапсырысқа беруге болады?
    Бір адамға ең көбі 3 нөмір

  2. Мен тапсырысқа берген нөмірде қандай тарифтік жоспар болады? Егер СИМ-картаны Beeline кеңсесінен алып кететін жағдайда, нөмірді тіркеу барысында Сіз қызметкерге өзіңізге ұнамды тарифтік жоспарын анықтасаңыз болады. Егер СИМ-картаны жеткізу қызметін таңдасаңыз, алдын-ала Сізбен біздің компанияның қызметкері тапсырыс шартын анықтау үшін байланысады. Өзіңізге ұнамды тарифтік жоспарын анықтасаңыз болады.

  3. Жеткізу қызметі қанша тұрады? Жеткізу қызметі қала ішінде – 500 теңгеден бастап, облыс ішінде – 1100 теңге. Тапсырыстың жалпы сомасы 3000 теңгеден артылса, жеткізу қызметі тегін көрсетіледі.

  4. Курьерге тапсырыстың төлемін өтесем болады ма? Төлем тек қолма-қол ақшамен курьерге төленеді.

  5. Тапсырысқа берілген нөмірді жеткізіп салмаған жағдайда қайда жүгінуге болады? Клиенттерді қолдау орталығына ұялы телефоннан 116, қалалық телефоннан +7 (727) 3 500 500, чатқа help.beeline.kz.

  6. Сатып алған нөмірді қалай белсендіруге болады?
    Нөмір алғашқы қоңырау соғылған сәтте автоматты түрде белсендіріледі немесе баланс тексеру жолымен *102#.

  7. Өз тариф жоспарымды қалай білсем болады?
    Тариф жоспарыңызды *166# немесе *110*05# пәрмелерін теру арқылы немесе 067405 нөміріне қоңырау соғу арқылы, сондай-ақ Жеке кабинетте біле аласыз.

  8. Сатып алынған нөмірге қандай қызметтер қосылғанын қалай білуге болады?
    *179# немесе *110*09# пәрмелерін теріп, «Шақыру» пернесін басыңыз.